Британдық теннисші Энди Маррей «Уимблдон» жеңімпазы атанды

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы 77 жылда тұңғыш рет британдық теннисші «Уимблдонда» топ жарды. Шотландиялық Энди Маррей Ұлыбритания ашық біріншілігінің ақтық сынында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
None
None

Бұл 26 жасар шотландық топ жарған 28-ші турнирі және Үлкен дулыға сындарындағы екінші жеңісі. Өткен жылы ол АҚШ ашық біріншілігін ұтқан болатын.

Бұған дейін соңғы рет Ұлыбритания өкілі өз жеріндегі «Уимблдон» турнирінде 1936 жылы жеңіске жеткен. Ол даңқты теннисші Фред Перри болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум