Британдық Times Меркельді «жыл адамы» деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Times газеті Германияның канцлері Ангела Меркельді «Шығыс Еуропада Ресей агрессиясы өршіген» тұста ресейлік билік пен Батыс арасындағы диалогты реттеуде жетекші рөл атқарғанын атап өтіп, «Жыл адамы» деп атады.
None
None

«Меркель ханым Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынастың қауіпті геосаяси дағдарысқа таяған шағында өзін ерекше қайраткер ретінде көрсете білді», - деп жазды басылым.

Ангела Меркель Германия билігінде 10 жыл болады. 2016 жылы ол канцлер орынтағына қайта таласқа түседі.

«Жыл адамы» тізімінде Ресей Президенті В. Путин, Apple компаниясының басшысы Тим Кук, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, Ирак Құрдстан көшбасшысы Масуд Барзани және америкалық актриса, әнші Тейлор Свифт бар.

Соңғы жаңалықтар