Британия ішкі істер министрі полицияны сынағаны үшін қызметінен босатылды

Браверман өткен демалыс күндері Лондонда Палестинаны қолдаған және Израильге қарсы наразылық алдында жарияланған мақаласы шиеленіс тудырды деп айыпталды.
Times газетіндегі мақаласында ол полицияны басқа оқиғалармен салыстырғанда Израильге қарсы радикалды шерушілермен қарым-қатынаста тым жұмсақтық танытты деп айыптады.
Салдарынан Британияда жаппай саяси дүрбелең туып, халық премьер-министр Сунактан Браверманды қызметінен алып тастауды талап етті.
Мақаланы премьер-министрдің кеңсесі мақұлдамады, кейінірек Браверман Даунинг-стриттің мақаланың мазмұнын өзгерту туралы өтінішін орындамағаны белгілі болды.
Суэлла Браверманның жұмыстан босатылуы премьер-министр Риши Сунактың келесі аптада болатын «күзгі мәлімдемесі» қарсаңындағы министрлер кабинетіндегі ірі өзгерістердің бастауы болайын деп тұр.