Британияда құны 80 млн фунттық бір тонна кокаин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық жағалау күзеті Біріккен Корольдік жағалауынан балық аулайтын траулер ұстады, оның бортында бір тонна кокаин болған.
None
None

Қара нарықта мұндай  есірткі құны шамамен 80 млн фунтты (100 млн доллардан астам) құрайды, деп хабарлады Би-би-си.

Жағалау күзетінің өкілдері кеменің Британияға өтпекші болғанын мәлім етті. Борттағы үш адам тұтқындалды.

Жағалау қызметінің өкілі Майк Степнидің айтуынша, бұл Ұлыбританияда тәркіленген есірткінің ең ірі партияларының бірі. 

Соңғы жаңалықтар