01:06, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Британияда мысықтарға арналған мейрамхана ашылды
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бұдан былай британдықтар өздерінің сүйікті жануарларын дәмді тағаммен еркелеткісі келсе, арнайы мысықтар мейрамханасына апара алады, деп жазады euromag.ru.
Британдық "C'est Moggie-fique" дәмханалар желісі мысықтарға арнап мейрамхана ашып қойған. Үй жануарларына олар балықтан жасалған орамалар, қуырылған үйрек және қортпаның уылдырығын әзірлеп береді. Мұндай құрметтің бағасы да арзан емес. Бір мысықтың тамағы 25 фунттан (5875 теңге) басталады.