Британиялық жасөспірім дрондар жарысында 250 мың доллар ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда дрондар арасында алғашқы әлемдік Гран при өткізілді. Оған 150-ден астам команда қатысты. Бас жүлде 15 жастағы британиялық Люк Баннистерге бұйырды.

The Verge сайтының жазуына қарағанда, мұндай шаралар өзге елдерде де өтіп жатыр. Алайда БАӘ-да өткен жарыс олардан ауқымды. Турнирдің жалпы сыйлық қоры 1 млн доллар.

Қашықтан басқарылатын аппараттар жарысын шамамен 2 мыңға жуық адам бақылады. Баннистер Tornado X-Blades Banni-UK командасының құрамында болды. Олар озған жергілікті Dubai Dronetek командасы екінші орынды қанағат тұтты.

Дрондар жарысы қызықты шара, әрі оны ұйымдастыру кең тарап келеді.

Дрон операторы қашықтан басқарылатын ұшу аппаратын дисплей орнатылған арнайы шлемді пайдалана отырып басқарады.

Соңғы жаңалықтар
telegram