Бірқатар өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 1 қаңтар сағат 20:00-де күннің бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

«Алматы-Өскемен» автожолында көлік қозғалысы ашылды
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін сағат 20:00-ден бастап: Қостанай облысында:

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ақмола облысында:

- «Жезқазған-Петропавл» 377-536 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін);

Ұлытау облысында:

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін)

2025 жылғы 2-қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.

- 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады – делінген хабарламада.

Осыған дейін сағат 13:00-де күннің бұзылуына байланысты Қостанай мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар