Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстанның 18 облысында 20 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Елдің барлық өңірінде қар жауып, боран соғады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-шығыстан, түнде таулы аймақтарда оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстік-батысқа өзгереді, таулы аймақтарда 15–20 м/с. 

Ақтөбе облысында түнде көктайғақ болады, күндіз облыстың орталығы, оңтүстігі және шығысында көктайғақ болады. Солтүстік және батыс бөліктерінде тұман болады. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстік-шығыста жел екпіні 15–18 м/с.

Ақмола облысында қар, боран, тұман және көктайғақ болады; күндіз облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде қалың қар жауады. Жел екпіні батыстан, солтүстік және шығыс бөліктерінде 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында күндіз қар жауып, жаяу боран соғады. Оңтүстігінде және таулы аймақтарында көктайғақ болады. Батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда 15–20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел екпіні батыстан, солтүстік бөлігінде 15–18 м/сжетеді. 

Ұлытауда облыстың батысы, солтүстігі және орталығында түнде қар жауып, боран ұйытқиды. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман болады. Жел батыс және оңтүстік, түнде солтүстік бөлігінде 15–18 м/с жетеді. 

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстігінде және таулы аймақтарда 15–20 м/с жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ пен тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және батысында түнде қар мен боран соғуы ықтимал. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман мен көктайғақ байқалады.

Абай облысының солтүстігінде түнде аздап қар болады. Батыс, солтүстік және орталық бөлігінде жаяу боран жүріп өтеді. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, батыс, солтүстік және орталық бөлігінде 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде аздап қар болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде жел тұрады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран, тұман болады; солтүстік және шығысында қалың қар жауады. Батыс бөлігінде көктайғақ болады. 

Павлодар облысында қар жауып, боран соғады. Жел екпіні батыстан, батыс және оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында қар жауып, боран соғады. 

Ақмола облысында қар, боран, тұман болады, күндіз облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде қалың қар жауады. 

Соңғы жаңалықтар