Бірлік мерекесіне орай су тасқынымен күрескен бір топ ақмолалық марапатталды

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, онда көктемгі су тасқының салдарын жоюға атсалысқан бір топ ақмолалық марапатталды.

Биыл өңірдегі бірлік мерекесі су тасқынынан кейінгі жағдай аясында қарсы алынады. Халықтың бірлігі арқасында су тасқынына қарсы күресте бірде-бір ақмолалық көмек пен назардан тыс қалмады. 

Мерекелік шарада өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, кәсіпкерлер, медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 

Салтанатты жиында облыс басшысы барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, күн сайын еліміздегі келісім, бірлік пен бейбітшілікті сақтауға өз үлестерін қосатын барлық ақмолалыққа алғысын жеткізді.

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

«Қазақстан халқы Ассамблеясының „Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу“ 33-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысудағы рөлін атап өтіп, республикадағы тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту бойынша бірқатар жаңа міндеттер қойды. Бірнеше апта бойы құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер, медицина қызметкерлері және басқалар күндіз-түні қиын жағдайда жерлестеріне көмектесу үшін аянбай еңбек етті. Қиын кезде облыстың әрбір тұрғыны бірліктің, жанашырлықтың және бір біріне деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсете білді», — деді Марат Ахметжанов. 

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Кездесу барысында өңірдің қоғамдық-саяси өміріне, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде және қоғамдық келісімді нығайтуда өз үлестерін қосқан іс-шараға қатысушылар марапатталды.

Ересектермен бірге су тасқыны салдарын жою шараларына өскелең ұрпақ өкілдері де өз үлесін қосты.

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Мәселен, Бұланды ауданындағы «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Абай Ағзам өзінің жасына қарамастан аудандық штабта гуманитарлық көмек жинауға көмектесті.

Ақмола облысы ТЖД Ақкөл қаласындағы № 26 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі аға сержант Данияр Аңсариев өрт бригадасының құрамында су тасқыны жағдайын жою үшін Аршалы ауданының Жібек жолы ауылына жіберілді.

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық кезеңде 2 мыңнан астам қап тасымалданды және елді мекендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді.

Еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізіліп, бөгеттер нығайтылды. 

Сонымен бірге, шара барысында Көкшетаудағы су тасқынынан зардап шеккен Шиловтар мен Сәрсенбаевтар отбасыларына пәтер кілті табыс етілді.

марапат
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Жалпы, облыс орталығында барлығы 14 отбасы баспаналы болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 8 отбасы баспаналы болғанын жазған едік. 

халық
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
кеш
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар