Бірнеше күннен бері қымбаттаған доллар бағасы сәл арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,92 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 492,17 теңге.
Ұлттық банктің 13 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 494,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 525,49.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 495 теңге. Еуро 522 – 530 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 491 теңге, сатып алу құны – 496 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді.