Бірнеше облыста жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 8 наурыз сағат 18:45-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);
Атырау облысы:
- «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз кенті).
Жолды 2026 жылғы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар 8 наурыз сағат 18:40-та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Ақмола облысы:
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 346 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Атбасар қ.). - «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0 - 71 шақырым аралығы (Ақсай ауылы — Бұзылық ауылы);
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 257 шақырым аралығы (Чистополье ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған еді.