Бірінші АЭС толығымен ұлттық бақылауда болады

АСТАНА. KAZINFORM – Росатом салатын бірінші АЭС толықтай ұлттық бақылауда болады. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктен мәлім етті.

аэс
Фото: pixabay

— Бұл толығымен ұлттық бақылауға алынатын бірінші қазақстандық АЭС болады. Серіктес таңдау тәуелділікті білдірмейді. Қазақстан атом энергетикасында өзіндік құзіретін дамытып жатыр. Еліміз уран өндірірісі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын өндіреді. Ұлттық кадрларды белсенді дайындау, инфрақұрылым құрып жатыр, — деді агенттіктен БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық консорциумның қатысуын көздейді. Бұл технологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бір жеткізушіге тәуелділік тәуекелін төмендетеді. 

— Бұл ретте барлық негізгі шешім Қазақстанның мүддесі мен қауіпсіздігін басымдыққа ала отырып, ұлттық деңгейде қабылданады. Иесі, операторы, барлық технологиялық шешімдерге жауап беруші, пайдаланушы ұйым Қазақстан тарабы болады, — деді ведомстводан.

Бұған дейін «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде анықталғанын жазған едік. 
Сонымен қатар Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы тағы бір АЭС-ті қытайлық вендер салатынын мәлім етті.

АЭС-тен өндірілетін электр энергиясының құны ЖЭО мен ЖЭС-тен алынатын электр энергиясына қарағанда жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар