Бірінші арна кубогын Қазақстан хоккей құрамасы 3-орынмен аяқтады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында үшінші орын алды, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: icehockey.kz

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Бірінші арна кубогі мәресіне жетті.

Қазақстандық хоккейшілер үшінші орынға табан тіреді.

Ұлттық құрама сапында негізінен жас хоккейшілер ойын көрсетті.

Ғалым Мәмбетәлиев жееткшілік ететін құрама ВХЛ жұлдыздары (3:1) есебімен жеңсе, Беларусь (2:6) және Ресей 25 (2:5) құрамаларына есе жіберді.

Ел құрамасы 3×3 турнирінде Ресей құрамасына 2:5, Беларуське 3:4 (буллиттен) есебімен жеңілді.

Айта кетсек, аталған турнирде ұлттық құрама капитаны міндетін Никита Михайлис атқарды.

Оған Әділ Бекетаев пен Самат Данияр көмекшілік жасады.

Соңғы жаңалықтар