Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірінші лигада «Жайық» өз алаңында «Таразды» тізе бүктірді

ОРАЛ. KAZINFORM — Бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 17-турында Оралдың "Жайығы» өз алаңында «Тараз» клубын қабылдады.

Бірінші лигада «Жайық» өз алаңында «Таразды» тізе бүктірді
Фото: Айбатыр Нұраш

Мұның алдында оралдықтар Алматыда бірінші лигада жеке-дара көш бастап келе жатқан «Қайрат жастарымен» 2:2 есебімен тең ойнаған еді.

Кезінде премьер-лигада өнер көрсеткен тараздықтар да жоғары орыннан үміткер командалардың бірі еді.

футбол
Фото: Айбатыр Нұраш

Қос клуб бұған дейін 23 ұпаймен турнир кестесінде 6-7 орындарды бөлісіп тұрған еді.

Бірінші таймда «Жайық» сапындағы Хамза Якуди 30 минутта айып алаңына кірместен қонақтардың қақпасын дәл көздеді.

Екінші кезеңде Бауыржан Байтана бастаған тараздықтар көбірек шабуылдап, таразы басын теңестіруге тырысып бақты. Бірақ 86-минутта Артем Астахов матчтың нүктесін қойды – 2:0.

Келесі турда Вячеслав Невольников жаттықтыратын батысқазақстандықтар сырт алаңда «Батырмен» ойнаса, «Тараз» қазіргі кезде үздік үштікті түйіндеп тұрған түркістандық «Тұранды» қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада «Жайықтың» сырт алаңда «Тұранмен» тең ойнағанын жазған едік.