Бірінші Олимпиадалық киберспорт ойындары 2027 жылы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Іріктеу жарыстары биыл басталады.

Первые Олимпийские киберспортивные игры пройдут в 2027 году
Фото: ХОК/Greg Martin

— 2027 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында киберспорт әлемі үшін де, Олимпиадалық қозғалыс үшін де маңызды оқиға болатын тұңғыш Олимпиадалық киберспорт ойындары өтеді, — делінген Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) сайтындағы ақпаратта

Олимпиадалық киберспорт ойындарын ұйымдастыру үшін ХОК Сауд Арабиясының Олимпиада және Паралимпиада комитетімен ынтымақтасады. 

— Енді бізде киберспорт бойынша алғашқы Олимпиадалық ойындардың нақты жол картасы бар, — деді ХОК президенті Томас Бах.

Олимпиадалық киберспорт ойындарын құру туралы шешім өткен жылдың шілдесінде ХОК-тың 142-сессиясында қабылданған. Сол кезде алғашқы ойындар 2025 жылы өтеді деп хабарланған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда киберспорттан ALMA CUP 2024 турнирі өткенін хабарладық.

Соңғы жаңалықтар