Бруцеллез дерті малды қойып, адамдарға жұға бастады - Қарағанды облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандының Қойбас ауылында бруцеллез дертінің малды қойып, адамдарға жұғуы күннен күнге өршіп барады. Аталмыш елді мекеннің тағы екі оқушысы емханаға жеткізілді. Аяқ-қолдары қақсаған жасөспірімдердің бір-екі сағаттан кейін ыстығы көтеріле бастапты. Әзірге, дәрігерлер, оның нақты диагнозын айтудан бас тартып отыр, деп хабарлайды 31.kz.
None
None

Ауылда төрт түлік пен ит-мысықтардан басқа, жұқпалы дерттің белгілері ауылдың үлкенді-кішілі тұрғындарының ағзасынан да анықталып жатыр. Тұрғындардың пайымдауынша, жаппай бруцеллезге шалдыққан ірі қаралардың сексен пайызы осы күнге дейін сау малдармен бір жайылымда жүр. Алайда, әлі кімнің сау, кімнің ауру екенін анықтай алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар