Брюс Ли жерлесінің Нунчаки қаруымен жасаған ғажайып қимылдары жұртты естен тандырды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Тын Шун видео порталында Нунчаки (双节棍) қаруын еркін қолданатын егде жастағы әйелдің өнері жұртты тамсандырды.
None
None

Қытайлық интернет қолданушылары бұл Брюс Лидің ізбасары немесе туысы десіп, таңданыстарын жасыра алмады. Тіпті кейбірі оны қытайлық атақты Кунфу шебері Донни Йенмен бірге Ип Ман фильмінің 4 бөлімінде өнер көрсетуге кеңес берген.

Қытайлық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әйелдің Гонконг қаласына жақын Фуцзянь провинциясының Лэй Бин есімді қарапайым шаруа адамы екені белгілі болды.

Лэй Бин 2011 жылы теледидардан Брюс Лидің киносынан әсер алып жаттығу жасай бастайды. 4 жылдан астам уақыт ішінде Нунчаки қаруын істетуді жетік меңгерген ол бір күн ішінде қарапайым адамнан жарық жұлдыз болып шыға келді.

Видеодан әйелдің Нунчаки қаруын қолданып қатерлі әрекеттерді орындағанын байқауға болады.

Тын Шун видео порталына жұктелген бұл видео 600 мыңнан астам адамды тәнті еткен.

 

Соңғы жаңалықтар