Брюссель 613 күннен кейін үкімет құрды

АСТАНА. KAZINFORM – Бельгияның Брюссель астаналық аймағында ұзаққа созылған саяси дағдарыстан кейін жаңа үкімет құрылды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Брюссель сформировал правительство спустя 613 дней
Фото: Anadolu

Бельгияның жеті партиясы — MR (либералдар), PS (социалистер), Les Engagés (центристтер), Groen (жасылдар), Anders (фламанд либералдары), Vooruit (фламанд социалистері) және CD&V (христиан демократтары) коалициялық келісімге келді.

2024 жылдың маусым айындағы аймақтық сайлаудан кейін бірден басталып, 20 айдан астам (613 күн) уақыт жүргізілген келіссөзден соң оны жүргізушілер 10-13 ақпан аралығында University Foundation ғимаратында қарқынды «конклав» өткізді. 

Брюссель астаналық аймағының жаңа үкіметін енді Uccle (Уккель) коммунасының бұрынғы мэрі, франкофон-либерал Борис Диллиес (Boris Dilliès) басқарады. 

Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер (N-VA) бұл жетістікті құптап, оның бүкіл елдің және Еуропалық Одақ астанасының беделін сақтайтынын атап өтті.

Осы арада Вевер жаңа коалицияның Брюссельдің қаржысын түзету қабілетіне «сәл күмәнмен қарайтынын» атап өтті. 

- Премьер-министр ретінде көзқарасым бойынша Брюссельдің тапшылығы үлкен бюджетін қайта құрылымдауға мүдделімін. Егер жаңа үкімет мұны жүзеге асырса, мен қуанамын, - деді ол.

Айта кету керек, Брюссельдің аймақтық бюджеті жылына шамамен 8 млрд еуроны құрайды, бірақ 2025 жылдың соңындағы тапшылық 1-1,6 млрд еуродан асты. Бұл құрылымдық теңгерімсіздікке әкелді: әлеуметтік қызметтер, көлік, қауіпсіздік және көші-қонға жұмсалатын шығындар артты, ал кірістер реформалардың болмауына байланысты азайып келеді. Ақыры шамамен 15 млрд еуро көлемінде үлкен қарыз жиналды, бұл шағын ЕО аймағы үшін маңызды.

Осыған дейін Еуроодақта сатылмаған киімді жоюға тыйым салынатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум