Брюссельде «Қазақстан-Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысы болды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов атап өткендей, «Ынтымақтастық комитетінің бүгінгі отырысы мазмұны жағынан ғана емес, өткізіліп отырған уақыты жағынан да еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұсында болып отырғаны маңызды».
Бүгінгі таңда еуропалық тарап Еуропалық комиссияның Еуропалық Одақ Кеңесінен сәйкес мандат алуы бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. «Біз қазақстан-еуропалық қатынасының осы жылдағы маңызды оқиғасы - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы қазанның 25-26-сы күндері Брюссельге жасайтын ресми сапарының алдында Базалық келісім бойынша алғашқы ұйымдастырылған отырыс өткізу үшін бұл мандат үстіміздегі жылдың күзінен ертерек алынады деп үміттенеміз», - деді К.Жигалов.
Ішкі байланыс жөніндегі Еуропалық комиссияның бас директоры Гуннар Вигандтың сөзіне қарағанда, өткізілген отырыс қазақстан-еуропалық қарым-қатынастың тез дамып келе жатқандығының тағы бір дәлелі.