Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

ССЕЛЬ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде Қазақстан Републикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және өкілетті елшісі,
None
None

Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссия басшысы Ерік Өтембаев пен Бельгия Корольдігі Федеральды Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Андре Флао (Andre Flahaut) арасында өткен кездесу барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыға түсті.

Кездесуде қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы сұхбаттасушысын Бельгияның Еуропалық Одақ Кеңесіндегі төрағалығының ойдағыдай аяқталуымен құттықтап, ішкі саяси жағдайларға қарамастан бұл ел осындай жауапты істе тиімді әрі жемісті жұмыс жүргізе білгенін атап өтті. Сонымен қатар Е.Өтембаев А.Флаоға біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде Бельгия тарапынан баға жетпес қолдау білдіріп, Премьер-Министр Ива Летерманың Ұйымның Астанада өткен Саммитіне қатысқаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде А.Флао Бельгия төрағалығына осындай жоғары баға бергені үшін алғысын жеткізіп, Қазақстанның 11 жыл бойы өтпеген ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыру жөніндегі бастамасының уақтылы әрі өте маңызды іс екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Бельгия тарапының өкілі Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы мен жетістіктеріне де жоғары бағасын берді, бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевтың болашақты бағдарлай білетін сындарлы саясатының арқасында мүмкін болды деген пікірін жеткізді.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Бельгияның әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастығының барысы туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында А.Флао Қазақстанға келіп, елдің саяси және экономикалық саладағы жетістіктерімен жеке таныс болу туралы ниетін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар