Брюссельде Қазақстан мен Бельгияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен келешегі талқыланды

БРЮССЕЛЬ.  Шілденің  8-і.  ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -   Қазақстанның   Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев   Бельгия Корольдігінің   Кәсіпкерлік  және  әкімшілік реформалар министрі  Винсент  Ван  Куикенборнмен  кездесті,
None
None

  деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Қазақстанның Брюссельдегі  Елшілігіне  сілтеме  жасап.

 Тараптар қазақстан-бельгия сауда-экономикалық ынтымақтастығының    ағымдағы  ахуалы мен  келешегін талқылады. Бельгия Елшілігінің ашылуына  орай    2007 жылдың   қазан  айында    Астанада  сапармен болған   министр  Винсент  Ван  Куикенборн , қазақстандық  экономика  мен  екіжақты  қарым-қатынастың   қарқынды  дамуын    атап көрсетті.  «Біз Қазақстанның келешегіне сенеміз!  Республикаларыңыздың  әлеуеті   зор,   біз   сіздерден   зор   үміт күтеміз»,  деген   министр, өзара   тиімді   жобаларды  жүзеге асыруға    қазақстандық   инвестицияларды  тартуға  Бельгияның   мүдделі   екенін     жеткізді.

 Қазақстан  Елшісінің  пікірінше,  екі ел үшін  индустриялық-инновациялық  жобаларды  дамыту,  оның ішінде  айлақ  инфрақұрылымын,  мұнай-газ және  мұнай  химиясы  өнеркәсібін, атом энергетикасын,   теңіз  тасымалын,    шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту    ынтымақтастықтың келешегі кемел бағыттары  болмақ.

Соңғы жаңалықтар