Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара қайырымдылық мәселелері талқыланды

БРЮССЕЛЬ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде болған Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі елшісі, Қазақстан Республикасының Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының жетекшісі Ерік Өтембаевтың халықаралық ынтымақтастық,
None
None

қайырымдылық көмек және дағдарысты жағдайларды реттеу мәселелері жөніндегі еурокомиссар Кристалина Георгиевамен кездесуі барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара қайырымдылық іс-әрекеттер жайы талқыланды.

Еурокомиссар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дағдарыс басталған сәттен бастап Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

ЕО комиссары Қазақстанның Орталық Азия аумағындағы маңызды рөлін атап өтті, сонымен қатар, мемлекеттің халықаралық, оның ішінде аймақтық мәселелерді реттеуге белсенді атсалысатындығын жақсы бағалап, ЕҚЫҰ төрағалығынан кейін де елдің ары қарайғы көшбасшылық рөліне сенімін білдірді.

Е.Өтембаев табиғат апаттарымен, соның ішінде Мексика бұғазындағыдай техникалық қателіктердің жағымсыз салдарларымен нәтижелі күресу үшін әріптестермен тығыз өзара іс-әрекет орнатудың қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында еурокомиссар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында тығыз байланыс орнату үшін Қазақстанға келуі туралы шақыруды қабыл алды.

Соңғы жаңалықтар