Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Сапар барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстандық сенатордың сөзіне қарағанда, ҚР және ЕО заң шығарушы органдарының арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту мәселесінде қарым-қатынасты Еуроодақтың әрбір мемлекетімен емес, ЕО 27 мемлекеті қатысатын Еуропарламентке басты назар аудару қажет. «Бұндай жағдайда біз жеті мильдік қадаммен ауқымды, соның ішінде экономикалық сұрақтарды шеше аламыз», - деп атап өтті Ғ. Қасымов.
Сенатордың пікірінше, бұл экономикалық байланыстарды, Қазақстанның өнеркәсіп инфрақұрылымын, әсіресе, энергетика және экология саласында дамытуға ықпал ететін болады. «Ол үшін біз бірқатар үлгілік заңдардың әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз етуіміз қажет, ол Еуроодақтың шағын және орта бизнесінің Қазақстанның шағын жобалары бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді», деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының депутаты.