Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда-экономикалық және индустриялық-инновациялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне сілтеме жасап.
Еурокомиссияның вице-президенті «Қазақстан Еуропалық Одақ үшін орталықазиялық аймақтағы стратегиялық әріптес болып табылпады және еуропалық елдердің Орталық Азия аймағымен ынтымақтастығында қуатты ресурстық әлеуеті және ойдағыдай дамып отырған ұлттық экономикасы бар мемлекет ретінде басты рөл атқарады», деп атап көрсетті.
Еуроодақ Қазақстанмен барынша тығыз кооперацияға, атап айтқанда - энергетика, көлік және индустрия салаларында ынтымақтасуға мүдделі, өйткені өзара экономикалық және саяси мүдделер айқын байқалып отыр. Сонымен қатар, Г.Верхойгеннің пікірінше, тиімді әріптестікті дамытуда индустриялық даму, жаңа технологиялар және инновациялық жобалар салаларындағы өзара іс-қимыл шешуші рөл атқарады.
Елші Е.Өтембаевтың пікірінше, тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндіктері зор. ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік туралы келісімнің он жылдық кезеңі бүгінде жаңа өлшемдерді айқындап отыр.
Қазақстан миссиясының басшысы Е.Өтембаев индустриялық-инновациялық өзара іс-қимылдың келешегін атап өте отырып, екі тараптың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенділігінің айрықша рөлін атап өтті.
«2008 жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстанға еуропалық инвестициялар көлемі 40 млрд. еуроға жеткені еуропалық әріптестердің зор мүдделілігін көрсетеді, ең бастысы Қазақстанға күрделі қаржы салуды одан әрі ұлғайту мүмкіндіктерін байқатады», - деп атап өтті Е.Өтембаев. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар 2008 жылдың қорытындысы бойынша 9 миллиард еуро инвестициялай отырып, ЕО қолдауымен өзінің еуропалық нарыққа қатысуын күшейте алады.
Тараптар кездесуді қорытындылай отырып, Қазақстан мен Еуроодақтың екіжақты қатынастарды жандандыра түсуге ниетті екенін жоғары бағалады.