Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Сот төрелігі және құқықтық тәртіп шағын комитетінің 10-шы отырысы өтеді

Ресми өкілдің атап өтуінше, Қазақстанның делегациясын Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркель, ал еуропалық делегацияны Еуропалық сыртқы саясат қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Виктор-Андрес Малдонадо басқарады.
«Қатысушылар бостандық, қауіпсіздік, сот төрелігі және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы келісімдердің орындалу барысын талқылауды және алдағы ынтымақтастық басымдылықтарын анықтауды жоспарлап отыр», - деді ол.
Сонымен қатар А.Әбибуллаевтың сөзіне қарағанда, отырыс барысында соттың заң жүйесін қадағалау, сот жүйесін тиiмдi басқару мүдделерін жоғарылату, көші-қон, есірткімен және лаңкестікпен күрестің жаңа жолдарын айқындау мәселелері бойынша өзара пікір алмасу көзделген.