05:49, 26 Ақпан 2017 | GMT +5
Брюссельде жарылыс қаупі концертке жиналған көрермендерді дүрліктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельде жарылыс каупі салдарынан концерттік залға жиналған көрермендерді эвакуациялады. Бұл туралы Gazet Van Antwerpen газеті жазды.

Келеңсіз оқиға француз әншісі Jain концерті өтетін қала орталығындағы Ancienne Belgique залында орын алды.
Жұртшылықты эвакуациялауға ғимараттта жарылыс болуы мүмкін деген сөзді естіген екі адамның мұны полицияға жеткізуі себеп болған.
Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршап, ішін тексерген. Ақырында бомба жайлы ақпарат жалған болып шықты. Бұдан соң көрермендердің залға кіруіне рұқсат етілді.
Бұдан бұрын Париждің шет жағындағы сауда орталығынан да бомба қойылды деген суық хабардан соң жұрттың эвакуацияланғаны жайлы хабарланған еді.