Брюссель ЕО азаматтарынан «дабыл қобдишасын» жинауын өтінді

АСТАНА. KAZINFORM – Брюссель ЕО-ға мүше әрбір мемлекеттен өз тұрғындары үшін үш күнге есептелген «аман қалудың апаттық жинағындағы» заттардың тізімін жасауды талап етіп отыр. Бұл Preparedness Union Strategy – Еуроодақтың ықтимал дағдарыстарға дайындық стратегиясы тармақтарының бірі, деп хабарлайды euronews

Брюссель ЕО азаматтарынан «дабыл қобдишасын» жинауын өтінді
Фото: European Union

Ол сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі заттар қорын көбейтуді және әскери-азаматтық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. 

Еуропалық комиссия сәрсенбіде ұсынған стратегия ЕО-ға мүше мемлекеттер табиғи апаттар мен өндірістік апаттардан бастап кибершабуылдар мен әскери қақтығыстарға дейінгі бірқатар төтенше жағдайларға дайындығын арттыру үшін қабылдауы тиіс 30 нақты іс-әрекеттің тізімін қамтиды.

— Еуроодақтағы біз басқаша, кеңірек ойлауымыз керек, өйткені қауіп-қатер көбейіп, кеңейіп жатыр, — деп түсіндірді тілшілерге Гуманитарлық көмек және дағдарысқа қарсы басқару жөніндегі комиссар Хаджа Лахбиб. 

Еурокомиссия төрағасының орынбасары Роксана Мынзату абырой болғанда блокты нөлден бастаудың қажеті жоқ екенін қосты.

— COVID пандемиясы Еуропалық Одақ аясында бірлескен іс-қимыл, ынтымақтастық және үйлестірудің абсолютті маңызды екенін көрсетті. Біздің жұмысымызды тиімдірек ететін, бізді күшейтетін осы, — деді ол.

Стратегияның негізгі бағыттарының бірі — тұрғындардың дайындығын арттыру. Комиссия блок мемлекеттерін азаматтарда оқшауланған жағдайда 72 сағатқа жедел жәрдем жиынтығы мен азық-түлік бар болғанын қадағалауын қамтамасыз етуге шақырады.

ЕО-ға мүше кейбір елдер ұсыныстар әзірлеп қойған. Мысалы, Франция мұндай аман қалу жинағына азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, портативті радио, шам, батареялар, зарядтағыштар, қолма-қол ақша, медициналық рецептілер, қосалқы кілттер, жылы киім және пышақ, маңызды құжаттардың көшірмелері болуын талап етеді.

Бұған дейін ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі 28 наурызда Қазақстанға келетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар