Брюссель қаласында «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» атты сот әділдігі және құқықтық тәртіп бойынша кіші комитеттің 10-отырысы өтеді

төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» атты сот әділдігі және құқықтық тәртіп бойынша кіші комитеттің 10-отырысы өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінен.
Шараға сыртқы істер, ішкі істер, әділет, білім және ғылым министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агентігінің, сондай-ақ Еурокомиссия мен Еуропалық сыртқы саясат қызметінің өкілдері қатысады.
Отырыс қатысушылары 2010 жылдың 10 қарашасында Астанада өткен Кіші комитеттің тоғызыншы отырысының хаттамасын мақұлдайды деп күтілуде.
Отырыста сот жүйесін нығайту, сот реформасын жүзеге асыру, құқықтың үстемдік құруы мен еуропалық тәжірибені қолдану арқылы пәрменді басқару, Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сот әділдігі сияқты тиісті халықаралық шарттарға қосылу келешегі тәрізді мәселелер талқыланатын болады.
Отырыс барысында көші-қон және шекараларды басқару, сонымен қатар ҚР мен ЕО арасындағы визалық мәселелер, Еуропалық Одақтың заңды көші-қонды басқару, мигранттардың құқықтарын қорғау, адамдар саудасымен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша бастамалары сияқты маңызды мәселелерді көтеру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, отырыста Еуроодақ пен Қазақстанның есірткі тасымалдауға, ақшаны жылыстатуға, сыбайлас жемқорлыққа, сонымен қатар лаңкестікке қарсы күрес жүргізудегі қолданатын шаралары туралы әңгіме қозғалады.
Сот әділдігі және құқықтық тәртіп бойынша кіші комитет өз жұмысын «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Кеңесі ынтымақтастығының аясында жүргізеді және Қазақстан мен Еуроодақ арасында тәжірибе алмасу, құқықтың үстемдігі, құқықтық және сот жүйелерін жетілдіру мәселелерінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдардың дамуына жәрдемдеседі.