Брюссельде ЕО — Қазақстан қарым-қатынасын дамытуға арналған жаңа платформа іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні Брюссель қаласында «Kazakhstan–EU Gateway» («Қазақстан–ЕО порталы») атты жаңа ұйымның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Брюссельде ЕО — Қазақстан қарым-қатынасын дамытуға арналған жаңа платформа іске қосылды
Фото: Kazinform

Еуропаның қақ ортасында құрылған жаңа үкіметтік емес ұйым Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған.

«Kazakhstan–EU Gateway» ұйымының жетекшісі Валихан Бахретдинов Kazinform агенттігіне берген сұхбатында ҮЕҰ-ның алғашқы іс-шарасы ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті, атап айтқанда, аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықты талқылауға арналған дөңгелек үстел болғанын айтты.

Брюссельде ЕО — Қазақстан қарым-қатынасын дамытуға арналған жаңа платформа іске қосылды
Фото: Kazinform

— Біз Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толар қарсаңында екіжақты диалогтың қорытындысын шығару маңызды деп санаймыз. Сондықтан бүгін Еуропалық одақтың жүрегінде ЕО мен Қазақстан арасындағы аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өткізіп отырмыз. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі өте өзекті әрі маңызды тақырып. Сонымен қатар, іс-шарамыз Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштаның жуырдағы Қазақстанға сапарының қорытындыларына арналды. Аталған сапар да байланыстарымызды кеңейтуге ықпал етті, — деді В. Бахретдинов.

Тұсаукесер жергілікті дипломатиялық және сарапшылық орта тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Іс-шараға төмендегі тұлғалар қатысты:

* Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің аса маңызды шикізат материалдары жөніндегі бас кеңесшісі Люк Девинь;
* Чехиядан сайланған Еуропарламент депутаты Ондрей Достал (тәуелсіз депутат);
* Франциядан сайланған Еуропарламент депутаты Пьер Пимпи («Еуропа үшін патриоттар» фракциясы);
* Бельгияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Анри Вантигем.

Орталық Азия елдерімен дипломатиялық салада мол тәжірибесі бар Люк Девинь ЕО мен Қазақстан арасындағы аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықтың негізгі үрдістерін атап өтті. Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің өкілі ерекше түрде биыл желтоқсан айында Брюссельде өткен «Аса маңызды шикізат апталығының» қорытындыларын атап өтіп, оған Қазақстанның үкіметтік делегациясы қатысқанын айтты.

Еуропарламент депутаты О. Достал да Еуропалық одақ үшін Қазақстанмен аса маңызды шикізат материалдары саласында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол конференция барысында Еуропада қызығушылығы артып келе жатқан «Орта дәліз» көлік жобасының талқыланғанын жеткізді.

Панельдік сессияда сондай-ақ Стефания Бенаглия — сыртқы саясат жөніндегі сарапшы, «Қазақстан–ЕО порталы» консультативтік кеңесінің мүшесі; Сайран Байжаханов — ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілі; Петер Том Джоунс — «KU Leuven» университетінің сарапшысы; Джон Робертс — энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы және геосаясат пен энергетика саласындағы сарапшы Марат Тертеров сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар