Брюссельде Еуропалық Одақ-Батыс Балқан саммиті өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа астанасында ЕО-ға мүше елдер мен аймақтың алты мемлекеті басшыcының қатысуымен «Еуроодақ – Батыс Балқан» саммиті өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Кездесу ЕО мен Батыс Балқан елдері арасындағы стратегиялық серіктестікке жаңа серпін беруге, соның ішінде осы серіктестікті тереңдету және Еуропалық Одақтағы ортақ болашаққа бірге ілгерілеу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Еуропалық Одақ өкілдері.
Талқылаудың негізгі тақырыптары: экономикалық өсу жоспары арқылы ЕО және Батыс Балқан елдерінің интеграциясын нығайту, сыртқы және қауіпсіздік саясатын қоса алғанда, көптеген салаларда Батыс Балқан елдерімен саяси байланыстарды тереңдету, көші-қонды басқару және сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық.
Басшылар сондай-ақ екі аймақтың геосаяси контексті мен қиындықтарын талқылады. Саммитке Еуропалық кеңестің жаңа президенті Антониу Кошта төрағалық етті. Саммит қорытындысы бойынша декларация қабылданады деп күтіліп отыр.
Осыған дейін Брюссельде Еуропалық Одақ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларының бірінші саммиті өтетіні туралы хабарланды.