Брюссельде Испаниядағы қайғылы оқиғаларға байланысты ЕО тулары түсіріледі

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM – Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандарды аза тұту рәсіміне байланысты бүгін Еуроодақтың негізгі ғимараттары – Еурокомиссия, Еуропалық кеңес, Еуропарламенттің үстіндегі Еуроодақтың тулары жартылай түсіріледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

ЕО-да тулар түсірілді
Фото: pixabay

«Бүгін біздің туларымыз испан халқымен ниеттестігіміздің белгісі ретінде жартылай түсіріледі. Сіздермен бірге қайғырып отырмыз. Біз бірге көтерілеміз», - деп жазды ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен.

Сонымен қатар, Испания Валенсия мен Альбасетеде құтқару жұмыстары жалғасуда. Пайпорта, Альфафар немесе Утиэль-Рекена – Валенсияда ең қатты зардап шеккен муниципалитеттердің бірі.

Су тасқыны салдарынан 95 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды.

Бұрын хабарланғандай, Испанияда үш күн аза тұту күні деп жарияланды.

Король Фелипе мен Испания премьер-министрі Педро Санчес қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Испания үкіметінің басшысы ауа райының қолайсыздығына байланысты жағдай әлі өзгермегенін ескертті.

Осыған дейін Испанияда су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам мерт болғаны туралы жаздық.

Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар