Брюссельде қазақстандық студенттер су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау акциясын өткізді

Брюссель
Фото: Видеодан кадр

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM – Бельгиядағы жас отандастардың басын біріктіретін «Qazaq society» студенттік ұйымының белсенділері Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау мақсатында жәрмеңке өткізді.

Бельгияның беделді университеттерінің бірінде оқитын «KU Leuven» қазақстандық жастар Еуропа астанасының орталығында ЖОО ішінде және оның аумағында қазақ тағамдарын, ұлттық кәдесыйларды сататын бірнеше нүкте ұйымдастырды.

Тауарларын өте қолжетімді бағамен сатқан қазақстандық жастар одан түскен қаражатты қиын-қыстау кезеңде отандастарының мүлкін қалпына келтірумен және қолдаумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы қорлардың шоттарына аударуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік желіде алдын ала хабарланған шараға тек университет студенттері ғана емес, Бельгиядағы жергілікті ортаның белді өкілдері де қатысты. Осылайша, акцияға «Реформаторлар қозғалысы» партиясынан Бельгия парламентінің депутаттығына танымал кандидат Оливье Виллокс қатысты.

Ол қазақстандықтардың «KU Leuven» жәрмеңкесіне арнайы барды. Kazinform тілшісімен сұхбатында О.Виллокс Бельгияның өзі 2021 жылы қатты су тасқынына тап болғанын және табиғи апаттардың зардаптары қаншалықты ауыр екенін түсінетінін айтты.

«Мен үшін бұл – қазақ тағамдарынан дәм татып, мәдениетімен танысуға, сонымен қатар қиын кезеңде қазақ халқына қолдау көрсету үшін жақсы мүмкіндік», - деді О.Виллокс.

Бельгиялық саясаткер қазақ жастарымен де әңгімелесіп, қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар