Біржан Көшербаев Петропавл әкімінің орынбасары болды

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып Біржан Көшербаев тағайындалды. Ол құрылыс және жедел мәселелерге жауап беретін болады, деп хабарлайды Kazinform.

тағайындау
Фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда СҚО Аққайың ауданы Рублевка ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Мәскеу қаласында Ұлттық бизнес институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі қызметінен бастаған.

2016-2018 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бас маман;

2018-2019 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшысы;

2019-2021 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бөлiм басшысы;

Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болған Әділбек Әубәкіров 4 қазан күні өз еркімен қызметінен кетті.

Соңғы жаңалықтар