Бішкек әуежайындағы бомба хабарламасына байланысты адамдар эвакуацияланды

бомба қойылғаны туралы хабарлама
Фото: 24.kg

АСТАНА. KAZINFORM – Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайына бомба қойылғаны туралы хабарламаға байланысты ондағы адамдар эвакуацияланып жатыр. 

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 мамыр күні сағат 13:10-да сағат 15:00-де жарылатын болжамды бомба туралы электронды хат келіп түскен. 

«Қазір рейсті тіркеу тоқтатылып, адамдар әуежайдан эвакуацияланып жатыр. Рейстер әзірге тоқтатылған жоқ», - делінген әуежай хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Бішкектегі митингіден кейін Пәкістан азаматтары қазақ шекарасын кесіп өтпек болғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram