Бішкек қоғамдық көлікте жолақы төлеу жүйесін қайта қарастырады

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстан астанасының әкімі Айбек Джунушалиев тиісті қызметтерге қоғамдық муниципалдық көліктегі жолақы жүйесін қайта қарауды тапсырды.

В Бишкеке пересмотрят систему оплаты за проезд в общественном транспорте
Фото: Sputnik / Светлана Федотова

Әкімдіктің хабарлауынша, белгілі бір уақыт ішінде жасалған бір немесе бірнеше аударымдар үшін жол ақысын бір рет қана төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Қазір үш автобуспен жүріп, 2 рет аударым жасаған жолаушы банктік аударым арқылы бір жол жүруіне 17 сомнан 51 сом төлесе, жаңа бағдарламамен бар болғаны 17 сом төлейтін болады.

Айта кетейік, Бішкекте жол желісі кептелісін азайту және трафиктің барлық қатысушылары үшін кептеліс уақытын қысқарту, сондай-ақ қоғамдық көлікке сұранысты арттыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында әкімдік қызметкерлері мен муниципалды қызметкерлердің аптасына екі рет жеке автокөлікті пайдалануына шектеулер енгізілді.

Бішкек әкімдігінің жеке көлікті пайдалануды шектеу жөніндегі тапсырмасын бұзғаны үшін сейсенбі және бейсенбі күндері муниципалитеттің 64 қызметкері жазаланды.

Соңғы жаңалықтар