Бішкек қолма-қол жол жүру ақысын екі есеге көтеруді жоспарлап отыр
АСТАНА.KAZINFORM — Бұл туралы Бішкек қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұланбек Бейшенбаев мәлім етті.

Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте қолма-қол төлеу кезінде жол жүру құны 20 сом, ал банктік аударым арқылы 17 сом. Айырмашылықтың аздығынан жолаушылар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуге құлықсыз.
Қоғамдық көлікте жүргенде халықты қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға шақыру үшін жергілікті билік жол жүру ақысын 40 сомға дейін көтеруді ұсынып отыр.
Реттеушілік әсерге талдау жүргізілгеннен кейін құжат Бішкек қалалық кеңесі депутаттарының қарауына ұсынылады.
Бұған дейін ел астанасы әкімі Айбек Жүнушалиев тиісті қызметтерге қоғамдық коммуналдық көлікте жол жүру ақысын төлеу жүйесін қайта қарауды тапсырған.
Айта кетейік, Бішкекте жол желісіндегі кептелістерді азайту және жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін кептелістерді азайту, сондай-ақ қоғамдық көлікке сұранысты арттыру мақсатында 2024 жылдың мамырында қызметкерлердің жеке көліктерін пайдалануына шектеулер енгізілген болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанда кадрлық іс жүргізуді цифрландыру басталды.