Бішкек төріндегі бүгінгі келіссөздердің қорытындысы нәтижелі болды — Садыр Жапаров

БІШКЕК. KAZINFORM — Президент Садыр Жапаров Бішкек төріндегі бүгінгі келіссөздердің қорытындысы нәтижелі болғанын айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Садыр Жапаров
Фото: Ақорда

Оның айтуынша, елдеріміздің арасында өзара сауда-саттықтың жандануына, инвестиция тартуға және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтуға оң септігін тигізетін қолайлы саяси ынтымақтастық қалыптасқан.

— Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешенінің құрылысы, Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін көтерме сауда-тарату орталығын ашу, «Алматы — Ыстықкөл» автокөлік жолын салу секілді бірлескен жобаларға айрықша мән берілді. Біз сауда көлемін ұлғайту, өзара сауда-саттықтағы тауарлар номенклатурасын кеңейту және бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқыладық, — деді Қырғыз елінің басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар