Бішкек ЖЭО-ын қалпына келтіру үшін Ресейден мамандар келді
ҚЫРҒЫЗСТАН. KAZINFORM - Қырғызстанға Ресей Федерациясынан мамандар келді. Олар отандық энергетиктермен бірге жылу электр орталығындағы реконструкция және жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ нысанды ұзақ мерзімді жобалау мүмкіндіктерін талқылауда, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.

Осылайша, президент әкімшілігінде өткен аппарат кеңесінде Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров мамандар ЖЭО жүйесін ішінара жаңғырту немесе нысанды толық жаңарту нұсқаларын зерттейтінін айтты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, өңірлердегі қазандықтарды да жаңғырту қажет.
2 ақпан, түнгі сағат 3-те Бішкек ЖЭО-да болған жарылыс көзі анықталды. Бұл туралы бүгін "Биринчи радио" эфирінде елдің Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урмат Шамырканов мәлім етті.
Оның айтуынша, жарылыс күші қатты болғаны сонша, шыны мен шатырдың сынықтары жүздеген метрге шашылып кеткен.
Шамырканов жарылыс салдарынан 650-680 метрлік шатырдың толығымен қирағанын айтты.