Бішкек жылу электр орталығындағы апат: тұрғындарға ыстық су беріле бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Бішкекте жылу электр орталығындағы апаттан кейін тұрғындардың көбі ыстық сусыз қалған еді. Билік бүгін кешке дейін барлық тұтынушыларға ыстық су қосылады деп уәде берді, деп хабарлады Кабар агенттігі.

Бішкекте ЖЭО-дағы апат кезінде диверсия мен лаңкестік белгілері байқалмады – Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы
Фото: Кабар

«Электр станциялары» ААҚ – «Бішкектеплосет» филиалының директоры Ұран Райымбеков бүгінде жылу берілмеген бірде-бір үй немесе мекеме жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, кешке дейін барлық тұтынушыларға ыстық су беріледі.

– Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көптеген азаматтар ыстық суды өшіргеннен кейін су жылытуға арналған бак қосты. Содан суық судың қысымы ыстық суды итеріп, қиындық пайда болады, - деді ол.

Райымбеков, сондай-ақ, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Күннің соңына дейін барлық абоненттер ыстық сумен қамтамасыз етіледі», - деп қорытындылады «Бішкектеплосет» басшысы.

Ол, сондай-ақ, ірі коммерциялық ұйымдарда әлі жылу мен ыстық су жоқ, бірақ мамандар жұмыс істеп жатқанын баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2 ақпанға қараған түні Бішкек ЖЭО-да апат болып, қондырғылар істен шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар