Бішкекте асханадан тамақтанған адамдар уланды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда көп адамның тамақтан улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Массовое отравление в Павлодаре: ресторан работал без разрешительных документов
Фото: freepik.com

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, 13 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 11-і ауруханаға жатқызылды, ал екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, адамдар Бішкек асханаларының бірінде дайындалған тағамнан уланды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, зертханалық тексеру үшін өнім үлгілерін жинады.

Асхана анықталған бұзушылықтарға байланысты жабылып, оған 23 мың сом айыппұл салынды. Эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр.

Осыған дейін Қырғызстан астанасындағы фаст-фуд дүкенінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелгенін жаздық. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум