Бішкекте бір топ адам салаттан уланды
АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстан астанасында тамақтан улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі тілшісі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына улану белгілерімен 37 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 10-ы ауруханаға жатқызылды, ал бір науқас ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.
Улану ел астанасындағы медреселердің бірінде дайындалған оливье салатын тұтынумен байланысты.
Біз бұған дейін тамақтан уланудың алдын алу үшін не істеу керектігін хабарлағанбыз.