Бішкектегі Кардиохирургия институтынан ірі өрт шығып, адамдар қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – 11 ақпан күні кешке Қырғызстан астанасындағы Кардиохирургия ғылыми-зерттеу институтынан (ҒЗИ) өрт шықты, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.

Бішкектегі Кардиохирургия институтынан ірі өрт шығып, адамдар қаза болды
Фото: kabar.kg

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 21:07-де өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру бригадасы, екі өрт баспалдағы және бір дрон жұмылдырылған. Өрт сағат 22:33-те оқшауланып, 23:15-те толығымен сөндірілді. 

Өрт кезінде Кардиохирургия институтының жансақтау бөлімінде жатқан екі науқас қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, өрт жертөледен шыққан, ғимаратқа түтін кірген.

- Жансақтау бөлімінде отадан кейін өкпені жасанды желдету құрылғысана қосылған науқастар болды. Өрт салдарынан науқастарды кардиологиялық орталықтың көршілес ғимаратына эвакуациялау басталды, бірақ реанимациялық шараларға қарамастан екі науқас қайтыс болды. Қазіргі кезде кардиологиялық орталықтың жансақтау бөлімінде екі ересек науқас пен жеті бала жатыр. Барлық тиісті іс-шаралар қабылданып жатыр, - деді министр.

Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев 11 ақпан күні кешке Бішкектегі Кардиохирургия ғылыми-зерттеу институтында (ҚҒЗИ) болған өртке байланысты жағдайды ерекше бақылауға алды. 

Еске салсақ Қырғызстан оң рульді көліктердің Бішкекке кіруіне тыйым салмақшы

Соңғы жаңалықтар