Бішкектің бірнеше ауданы жарықсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан астанасының бірнеше ауданында жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

В Бишкеке произошло массовое отключение электричества
Фото: freepik.com

Тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар, халыққа қызмет көрсету орталықтары жарықсыз қалды. Біраз уақыттан кейін Бішкектің кейбір аудандарында электр қуаты беріле бастады.

Жергілікті БАҚ қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Жол» өткізу бекетінде электр қуатының үзілуіне байланысты көлік кептелісі орын алғанын хабарлады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, электр желілері нысандарының бірінде апат болған. Энергетиктер үзіліс салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамыр айының соңында Петропавлда 28 мың абонент бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды.

Осыған дейін Қырғызстанда тұрмыстық зорлық жасағандар 14 күнге қамалатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар