«БТА Банк» АҚ-ның еншілес ұйымы «Темiрбанк» АҚ ипотекалық заемдарды қаржыландыруды жалғастыруда

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - «БТА Банк» АҚ-ның еншілес ұйымы «Темiрбанк» АҚ ипотекалық займдарды қаржыландыруды жалғастыратынын жария етеді.
None
None

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шілденің басында «Темiрбанк» АҚ-ға ипотекалық заемдарды қаржыландыру бойынша бағдарлама аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бөлген 3 млрд. теңге түсті. Осылайша, «Темiрбанк» ипотекалық заемдарды қаржыландыруды ағымдағы жылғы қазанның 1-іне дейін жалғастыратын болады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында банк қор бөлген 3 млрд.теңге көлеміндегі қаражаттарды мерзімінен бұрын игерді: бұл сомаға 764-тен астам заемдар қайта қаржыландырылды. Барлығы 8 млрд. 458 млн. теңгеге 1956 өтініш өндіріске қабылданды.

«Темiрбанк» АҚ KASE-нің листингтік компаниясы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар