БТА банк еншілес компанияларын қолдауды одан ары жалғастыра береді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Шет елдерде біздің көптеген еншілес компанияларымыз бар. Соңғы жылдардағы қиындықтарға қарамастан, біз барлық еншілес компанияларды қолдауды жалғастырдық. Түркиядағы, Беларустағы банктер мен Украинадағы сақтандыру компаниясының капиталын ұлғайттық. Болашақтағы стратегиялық жоспарда, менің ойымша, біз алдағы уақытта негізінен Қазақстанға бағыт ұстауымыз керек", дейді БТА банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев. Оның айтуынша, банк жақын арада шетелдегі еншілес компаниялардың акциясын сатпайды. Оларды сатудың жоспары бар. Ал Қазақстандағы еншілес компанияларды қолдау кезінде нақты мүмкіндікке қарай зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларын ірілендіру, біріктіру шаралары жасалуы мүмкін.