БТА банк қайта құрылымдау жоспарына қатысты барлық құжаттарын қыркүйектің 5-іне дейін құзырлы органдардың бекітуіне ұсынады - Директорлар кеңесінің төрағасы

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жүйе құраушы банктердің бірі банкрот болған кезде ұлттық экономикаға үлкен зиян келтірер дефольт толқыны басталар еді. Оны БТА банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев бүгін Алматыда өтіп жатқан Кредиторлар жиналысының шешімімен таныстыру кезінде айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз Қазақстанның қаржы жүйесіне отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан туындар сенімсіздіктің алдын алдық. Онда - Үкімет, Ұлттық банк, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, «Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, банк менеджменті мен Кредиторлар кеңесінің рөлі өте зор болды. Бүгін біз БТА банктің Кредитор жиналасында қайта құрылымдау жоспарын бекітуге қол жеткізіп отырмыз", деді БТА банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев. Оның айтуынша, енді олар қыркүйектің 5-не қаржылық берешекті қайта құрылымдауға қатысты барлық құжатты Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығының мамандандырылған соты мен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне бекітуге ұсынуы керек. Ал Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтің айтуынша, маусымның 22-сі күні банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы жоспарланып отыр. Онда банктің жаңа жарғысы, Корпоративтік басқару кодексі бекітілмек.

Соңғы жаңалықтар