БТА банк сыртқы қарызын қайта құрылымдауды табысты аяқтады - Ә.Сәйденов

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда БТА банкінің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов 16,65 миллиард доллар шамасындағы сыртқы қарызын қайта құрылымдау үдерісінің табысты аяқталғандығы туралы хабарлады. Бұл туралы кеше қаржылық қадағалау агенттігінің мақұлдауынан соң, Алматы қаласының арнайы мамандандырылған қаржылық соты шешім шығарған.
None
None

«Қайта құрылымдау басталғанда банктің сыртқы қарызы 16 миллиард 650 миллион теңге болған. Бұның ішінде 12,2 миллиард доллар ішкі-сыртқы қарыз бен «Самұрық-Қазына» қорының қоржынындағы банк облигациясы бар. Жалпы алғанда қайта құрылымдау бойынша 6 миллиард 750 миллион доллар қысқартылды», деді Ә.Сәйденов.

Несие берушілердің алдындағы қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында банк бұрынғы шығарылған облигацияларының және өзге де төлемдерінің күшін жойып, оларға ақшалай түрде 945 миллион АҚШ долларын төлеген, сонымен қатар жаңа борыштық бағалы қағаздар мен акцияларды қайта қалпына келтіруге арналған 5,2 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі облигацияларды қоса алғандағы 2,3 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі үлкен облигацияларды, 429 миллиондық дисконтты арнайы борыштық құралдарын және 733 миллион АҚШ доллары көлеміндегі реттегіш облигацияларын шығарған. Сондай-ақ несие желісі бойынша, сауданы қаржыландыруға 698 миллион АҚШ доллары сомасында келісім жасалған. Сонымен қатар 44175794956 дана жай акциялар шығарылған. Ә.Сәйденовтың айтуынша, қайта құрылымдау жобасында қарастырылған үдерістердің аяқталуы бұнымен қатар банк капиталының оң деңгейге - 108,8 миллиард теңгеге көтерілуіне себеп болған. Қазіргі кезде банктің реттелуші жеке капиталы 286,1 миллиард теңгені құрайды. Бұл банк капиталының жеткілікті нормативтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар