БТА банк «Тау самалы» тұрғын үй кешенін өз меншігіне алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Бұл кешеннің құрылысын жүргізу үшін құрылыстың бастапқы иесі «KUAT» құрылыс компаниясы БТА банкінен несие алған. 2008 жылы «Қуат» компаниясы құрылысты аяқтай алмай, «Тау самалын» салу құқығы «Super Accord» ЖШС -на берілген. Алайда бұл компания да құрылыс жұмыстарын жүргізе алмай, «Тау самалы» 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына енгізілген еді. Өткен жылғы қазан айында Үкімет қаулысымен «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ тұрғын үй кешенінің 1-ші кезекте салынып бітуі тиіс бөлігіне 10 миллиард теңге бөлуді шешкен еді. Ал БТА банкі несие беруші ретінде тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін «Стресстік активтер қоры» АҚ-на беруі тиіс болатын. Бұл тапсырманы орындау үшін банк пен «Super Accord» ЖШС арасында несиені жартылай жабу туралы келісім қажет болды. Бұл келісім бойынша «Super Accord» ЖШС құрылысы аяқталмаған кешенді банк меншігіне беріп, ал банк несиенің біраз бөлігін жабуды мойынына алуы қажет болатын. Алайда бірқатар жағдайлар бойынша бұл келісім осыған дейін жасалмай келген еді.
Тұрғын үй кешені үлескерлері мен банк, құрылыс компаниясы арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жасалған келісімшарт бойынша тұрғын үй кешені банк меншігіне өтіп отыр. Келісім бойынша оның құрылысын «Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс мекемесі» ЖШС салып бітіретін болды.