БТА Банкі кредиторлар комитетімен сыртқы қарызын қайта құрылымдау жөніндегі ережеге қол қойды
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ә.Сәйденовтың айтуынша, бұл ережеге Кредиторлар комитетіне кіретін 13 шетелдік қаржы институты қол қойған. Кредиторлар комитетіне мына ұйымдар кіреді: ABN AMRO Bank N.V., Commerzbank Atkiengesellschaft, the D. E. Shaw group, KfW (өзінің DEG - Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft mbH және KfW IPEX-Bank бөлімшелеріне өкілеттік етуші), Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федеративті Республикасының атынан әрекет етуші), Export-Import Bank of the United States, Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JPMorgan Chase Bank, N.A., Mediobanca - Banca di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank және Wachovia Bank N.A.
Баспасөз мәслихатында Ә.Сәйденовтің айтуынша, ережелерді бекітумен қатар қайта құрылымдаудың принциптері де келісілген.Бұл несие берушілермен толық келісімге келу емес, алайда банк басшысының пікірінше, несие берушілермен пікір тоғысы бар.Ә.Сәйденовтың айтуынша, несие берушілер комитеті қарызды қайта құрылымдау принциптерін дайындауға қатыстырылмаған.Бұл қағидалар Кредиторлар комитетінің назарына тек 4 қыркүйекте ұсынылған. Кредиторлар комитеті Қайта құрылымдау қағидаларын мақұлдамады және де өз атынан да, қандай да бір басқа кредитор атынан да олармен келіспеген. «Сондықтан БТА Банкі және оның кеңесшілері қыркүйек айының бірінші жартысында қайта құрылымдаудың келісімшарттық үрдісінің нақты талаптарын Кредиторлар комитетінің мүшелерімен талқылап, келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр», дейді Ә.Сәйденов.
Қаржылық қадағалау агенттігі талаптарына сәйкес, БТА Кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау мен қайта капиталдандыру жоспарын әзірлеудің негізі ретінде өзара түсіністік меморандумы жөнінде мәмілеге келуге және оны 2009 жылдың 18 қыркүйегіне дейін ҚҚА-нің мақұлдауына ұсынуы тиіс. KPMG компаниясының Лондондағы кеңсесінің таяуда жасаған сыртқы талдауынан кейін, бүгінгі таңда БТА 2009 жылдың 30 маусымында жағдайға орай қарастырылған жарияланған провизияларға қосымша түрде кредиттер бойынша шығындар провизияларының әрі қарай 400 миллиард теңге мөлшерінде ұлғайғандығын хабарлайды. Бұл провизиялар 2008 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 1,388 миллиард теңгеге өсіп үлгерген. Сондай-ақ, Банк басшысы Қазақстандық тұрақты талаптарға сай әзірленген есепке сәйкес есептелген пайыздарға қатысты провизиялардың өспегендігін, бірақ та олар мерзімі өткен соң, есептен шығарылатындығын атап өтті. Егер провизияларды құру тәсілдемесі қабылданатын болса, онда Банк болжанған 200 миллиард теңге ұсынылатын болады деп күтуде. Ықтимал шығындарға қатысты осындай провизиялар жасалып қойғанымен, БТА қолда бар барлық ресурстар, соның ішінде өндіріп алу бойынша сарапшыларды тағайындау көмегімен кредиттер бойынша өтелмеген қаржы мөлшерін қайтарым активтерімен өндіріп алу жұмысын жалғастырады. Біршама жекелеген шағын түзетулер бар, олар белгіленген қазақстандық реттеушіге көрсетілетін таза міндеттемелерді қысқа-орта мерзімді кезеңде шамамен 100 миллиард теңгеге ұлғайтуы ықтимал.Сондай-ақ, 2009 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша БТА Банкінде еншілес және ассоциацияланған компанияларына салынған қалдық құны 233 миллиард теңгені құрайтын инвестциялары бар. Қазақстандық реттеушінің есептілік талаптарына сәйкес мұндай инвестициялар сату дерегінен кейін ғана пайдасымен және шығынымен бірге, құны бойынша бағаланады. БТА 2009 жылдың 30 маусымының аяғында осындай инвестициялардың ағымдағы нарықтық құнын (әр алуан әдістерді қолдана отырып) 100 миллиард теңге деп бағалады.
БТА басшысы осындай қиын-қыстау кезде қолдау және түсіністік көрсеткендері үшін өзінің барлық кредиторлары мен акционерлеріне алғыс білдіретіндігін және таяудағы айларда қайта құрылымдау үрдісінің аяқталуына үміттенетінін атап өтті.