БТА банкі өзінің халықаралық рейтингін өзгерту бағытындағы жұмысын бастады

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - БТА банкі өзінің халықаралық рейтингін өзгерту бағытындағы жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін BNews порталында өткен Onlin конференция барысында аталған банк басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденов айтты.
None
None

«БТА банк қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін басым бағыттардың бірі ретінде банк алдына халықаралық рейтингісін қайта қарастыруды қойып отыр. Біздің ірі рейтинг агенттіктермен келіссөздеріміз қазірдің өзінде өтті», деді басқарма төрағасы өз сөзінде.

Оның атап өтуінше, аталған агенттіктер таяу аралықта өз өкілдерін БТА банкке жіберуді жоспарлап отыр. Бұл орайда банк рейтингінің қалпына келтірілуіне үміт артып отырған Ә.Сәйденов оның өзгеруі нәтижесінде қаржы институтының шетелден қаражат тартуға мүмкіндігі туындайды деп санайды.

Соңғы жаңалықтар